Үндістан 14 шілдеде айға планетааралық станцияны ұшырады

439

Үндістанның ғарыштық зерттеулер ұйымы (ISRO) өзінің автоматты планетааралық станциясын Chandrayaan-3-ті (Чандраян-3) айға жіберуді жоспарлап отыр. 

Үндістан 14 шілдеде айға планетааралық станцияны ұшырады Фото: Mint

Chandrayaan-3 миссиясын 2023 жылдың 14 шілдесінде Үндістан уақыты бойынша 14.35-те (Астана уақытымен 15.05-те) Шрихарикота аралында орналасқан Сатиш Дхаван ғарыш орталығының ұшыру алаңынан ұшыру жоспарланған, деп жазады inbusiness.kz.

Ұйымның жоспары бойынша ғарыш кемесі LVM-3 зымыран тасығышының көмегімен орбитаға шығарылады, содан кейін зонд Ай орбитасына өздігімен ұшуды бастайды.

Chandrayaan-3 станциясы үш компоненттен тұрады — қону модулі, қозғалтқышы бар модуль және ай ровері, олардың негізгі міндеті-планетааралық миссияларды жүргізу үшін қажетті технологияларды көрсету және сынау.

Аппарат Ай орбитасына шыққаннан кейін оның қондырғышы Айдың бетіне жұмсақ қонуы керек, содан кейін әртүрлі зерттеу жабдықтарымен жабдықталған ровер платформадан шығып, Жердің табиғи жер серігінің бетіне химиялық талдау жасай бастайды. Ай роверінің миссиясы 14 Жер күніне созылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу