Үндістан 2022 жылы өзінің цифрлық валютасын айналымға енгізеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Жергілікті қаржы министрі Нирмала Ситараманның айтуынша, мұндай валютаны шығару цифрлық экономикаға үлкен серпін беріп, валютаны басқарудың тиімді және арзан жүйесін қалыптастыруға ықпал етеді. Криптовалютадан түсетін пайдаға 30%-дық салық салынады. Қазір бұл заң жобасын Үндістанның Орталық банкі қарастырып жатыр.
Бұған дейін Қытай да цифрлық юань шығаратынын мәлім еткен еді.Үндістан мен Қытай алпауыт елдердің арасында бірінші болып мұндай шешім қабылдап отыр.
Қазір осы екі елден бөлек Франция, Канада, Араб Әмірліктері, Оңтүстік Корея, Оңтүстік Африка, Уругвай мұндай валютаны шығару процесімен айналысуда.
Табиғат Нұрболат
Фото: istock.com