Үндістан Ауғанстандағы елшілігін эвакуацияламақ

663

АҚШ пен Ресей елшілігі жұмысын жалғастыруда. 

Үндістан Ауғанстандағы елшілігін эвакуацияламақ

Үндістан Ауғанстандағы елшілігін дереу эвакуациялау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Inbusiness.kz 17 тамызда Үндістанның Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ариндам Багчидің Twitter-дегі мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Ауғанстандағы жағдайға байланысты Кабулдағы елшіміз бен оның қызметкерлерін Үндістанға көшіру туралы шешім қабылданды", – деп жазды ведомство өкілі.

Бұған дейін Ресей Ауғанстандағы елшілігінің кейбір қызметкерлерін эвакуациялайтыны туралы хабарланған болатын. Ресейдің Кабулдағы елшісі Дмитрий Жирнов "Талибан" өкілдерімен елшіліктің қауіпсіздігіне қатысты мәселені талқыламақ. 

16 тамызда АҚШ өз елшілігін Ауғанстаннан эвакуациялайды деген ақпарат тараған еді. Бірақ бұны АҚШ-тың Ауғанстандағы уақытша сенімді өкілі Росс Уилсон жоққа шығарды. Оның айтуынша, өзі және елшіліктің кейбір қызметкерлері әлі де Кабулда. 

"Мен және елшіліктің бірқатар қызметкері Кабулда. Біз мыңдаған АҚШ азаматтарына және қиын жағдайға душар болған ауғанстандықтарға көмектесу үшін жұмыс істеп жатырмыз", – деді ол.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу