Үндістан билігі 22 әлеуметтік желіні бұғаттады

950

Үндістан билігі  22  әлеуметтік  желіні бұғаттады

Үндістан билігі 22 әлеуметтік желі мен қосымшаларға, оның ішінде Facebook, Twitter мен Whatsapp қосымшаларына, сондай-ақ 3G, 4G интернет желілеріне бір айға тыйым салды, деп хабарлайды kazislam.kz.

Үкіметтің бұл шешімі интернет құралдарын нәсілшілдік, әлеуметтік араздықты өршітудің алдын алу мақсатында қабылданған көрінеді. Айта кетсек, ресми билік жекелеген штаттардағы халықтар толқуын сейілту және кашмирлік мұсылмандарға қысым жасауға жол бермеу үшін әлеуметтік желілерді бұғаттау туралы шешім шығарған.

"Тыйым саяси салада бақылау жүргізу үшін қажет. Үкімет барлығын әскери жолмен бақылағысы келеді, бірақ бұл мүмкін емес. Дегенмен, әлеуметтік желілерге тыйым салудың салдары одан әрі қауіптірек болуы мүмкін" дейді саясаттану профессоры Гүл Мұхаммед Вани.

БҰҰ-ның сөз бостандығы және пікір еркіндігі жөніндегі арнаулы өкілі Дэвид Кай мен құқыққорғау мәселелері бойынша өкіл Майкл Форсттың пайымынша, әлеуметтік желілерге тыйым салу кашмирліктердің "фундаментальді құқықтарын шектейді" және "ұжымдық жазалау сипатына ие".

Сондай-ақ, Кашмирде енгізілген бұл шаралар халықаралық құқық нормаларына да қайшы келеді. 
 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу