Үндістан билігі криптовалютаны қолдануға тыйым салмақ

640

Валютаның осы түрін қолданатындарға айыппұл салынады. 

Үндістан билігі криптовалютаны қолдануға тыйым салмақ

Үндістан үкіметі криптовалюта мен оны транзакция тетігі ретінде қолдануға тыйым салу туралы заң жобасын әзірлеп жатыр, деп хабарлады Inbusiness.kz порталы Hindustan Times сайтына сілтеме жасап.

Ресми дерек бойынша, жаңа заңға сәйкес крипто активтерін иелену, шығару, алу, сату және берумен айналысқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады. 
Қаңтар айында жергілікті үкімет биткоинге тыйым салуға үндеп, оны қаржылық операциялар үшін тиімсіз әрі сенімсіз құрал деп таныған еді. Биліктің пікірінше, биткоинді әр түрлі заңсыз схемаларда қолдануға болатын көрінеді, сонымен қатар оның ауытқулары да баршылық екен. 

Криптовалютасы барларға активтерді жою үшін алты айдай уақыт беріледі. Содан кейін заң бұзғандарға айыппұл салына бастайды. 

Табиғат Нұрболат

Фото: compareremit.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу