Олар БҰҰ-ны реформалау туралы мәселені көтеруге ниетті. Бұл туралы БҰҰ Бас Ассамблеясының алаңында Үндістан СІМ басшысы Субраманиам Джайшанкар мәлімдеді.
"Ия, әрине, біз бұл мәселені көтереміз, БҰҰ-да жаңа реформалардың қабылдануы мен Үндістанның Қауіпсіздік Кеңесіне қосылуын қалаймыз", – деді министр.
Осы жылдың соңына дейін Дели, Бас Ассамблеяның дауыс беру нәтижелеріне сәйкес, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелерінің ондығына кіреді. Олардың вето құқығы жоқ.
2010 жылы Үндістанға сапары кезінде Ресей Президенті Владимир Путин елді Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты қатысушылардың қатарына қосу туралы ұсыныс айтты. Ол бұл мәлімдемені 2021 жылдың желтоқсанында Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Модимен келіссөздер кезінде қайталады.