Үндістанда Chandrayaan-2 қондырғысының айға ұшырылуы кейінге шегерілді. CNN дерегіне сүйенсек, бұған техникалық ақаулар себеп болған.
Бұл туралы GSLV Mk III тасығыш-зымыранының ұшуына 56 минут қалғанда мәлім болды. Ғарыш айлағы Бенгаль шығанағындағы Шрихарикота аралында орналасқан.
Chandrayaan-2 санскрит тілінен аударғанда "ай көлігі" дегенді білдіреді. Салмағы 3,8 тоннаны құрайды. Жоспар бойынша, ол Жердің табиғи серігіне 2 айда жетуі тиіс.
Үндістанның бұл аппаратты ұшырудағы мақсаты – "ғарыш державасы" деген атаққа қол жеткізу. Бұған дейін ай бетіне тек АҚШ, бұрынғы Кеңес Одағы мен Қытай елдерінің қондырғылары қонған еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу