Үндістандағы Тамил-Наду штатында мыңдаған дүкен 1 наурыздан бастап Coca-Cola мен Pepsi сусындарын сатудан бас тартты, деп жазады ВВС.
Басылымның хабарлауынша, жергілікті билік шетелдік сусындардан бас тартып, тек отандық өнімдерді сатуды ұсынған. Ал белсенділердің айтуынша, халықаралық компаниялар Үндістанның су ресурстарын шығындап отыр. Өткен айда бұл штатта қарсылық акциялары өткен. Сол кезден бастап Pepsi мен Coca-Cola өнімдеріне сұраныс төмендей бастаған.
Сауда ассоциациялары штат тұрғындары газды сусындарды өз еріктерімен тұтынудан бас тартып отырғанын айтты. Ал 1 наурыздан бастап оның құрамына кіретін дүкендер шетелдік компаниялардың сусындарын сатып алуды доғарған.
Indian Express басылымының хабарлауынша, түгелдей бас тартпас бұрын сатушылар қалған сусындарды жеңілдікпен сатып жіберген. Әзірге бірнеше айдың қорын бірден сатып алтын ірі сауда орындарының қандай шешімге келетіні белгісіз.