Үндістан делегациясы әскери институтта болды

1029

Алматыда Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтына Үндістан делегациясы келді.  

Үндістан делегациясы әскери институтта болды

Оның құрамында Үндістанның Қазақстандағы әскери атташесі – полковник Милан Наладваде, әскери-әуе күштерінің өкілі – авиация полковнигі Анил Кумар Натур Гураджани, ӘӘК College of air Warefare жетекші оқу орнының офицерлері болды, деп хабарлайды ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Жұмыс сапары аясында Үнді офицерлері қазіргі заманғы оқу-материалдық базамен және оқыту жүйесімен танысты, әскери институттың аудиториялары мен сыныптарын қарап шықты, онда оларға әскери техника мен қару-жарақ үлгілері көрсетілді.

Қазақстандық әскери институт өкілдері шетелдік қонақтарға Қазақстандағы жоғары әскери білім, оқу орнының даму болашағы, жоғары оқу орнының білім беру және ғылыми әлеуеті туралы айтып берді.

Шетелдік қонақтар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға жауап алды, сондай-ақ әскери институттың мұражайында болды. Үндістан делегациясының жетекшісі құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.

Шетелдік өкілдер әскери-инженерлік институт оларға оң әсер қалдырғанын айтты. Үнді делегациясы өзара ынтымақтастықты жалғастыруға және дамытуға сенім білдірді, сондай-ақ әскери оқу орнының басшылығына қонақжайлығы үшін алғыс білдірді.

Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институты зениттік зымыран, радиотехникалық әскерлер, авиацияны радиотехникалық қамтамасыз ету байланыс бөлімдері үшін білікті офицерлерді, сондай-ақ әскерлер мен қару-жарақты басқарудың автоматтандырылған жүйелерінің инженерлерін даярлайтынын атап өткен жөн. Офицер-радиоинженерлерді даярлау 5 мамандық бойынша жүргізіледі. 18 жыл ішінде ЖОО еліміздің Қарулы Күштері үшін 1730 лейтенант – білікті әскери мамандарды даярлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу