Бұған World Population Review порталының деректері дәлел бола алады, деп жазады Inbusiness.kz.
ҚХР Ұлттық статистика бюросы ел халқының соңғы 60 жылда алғаш азайғанын тіркеді, 2022 жылы Қытайдың халқы 1,411 миллиардқа дейін қысқарды, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 850 мың тұрғынға аз. Сарапшылардың пайымдауынша, Қытай ғалымдар бұрыннан айтып келе жатқан "теріс демографиялық өсу" дәуіріне аяқ басты.
Саны бойынша үшінші орында - Америка Құрама Штаттары. Қазір онда 339 миллионнан астам адам тұрады. Кейін Индонезия (275 миллион), Пәкістан (236 миллион), Нигерия (219 миллион), Бразилия (215 миллион), Бангладеш (171 миллион), Ресей (146 миллион), Мексика (127 миллион), Жапония (123 миллион), Эфиопия (124 миллион), Филиппин (115 миллион) және Египет (111 млн).
2022 жылдың қарашасында Жер халқы 8 миллиардқа жетті. Бұл 2015 жылғы 7,2 миллиард адамнан әлдеқайда көп. Жер тұрғындарының саны минутына шамамен 140 адамға артып келеді, көптеген елдерде туу көрсеткіші өлім-жітімнен асып түседі. Жалпы алғанда, халықтың өсу қарқыны бірнеше онжылдықтар ішінде баяулайды. Бұл баяулау шамамен 10,4 миллиард халқы бар 2080-2100 жылдарға қарай өсу қарқыны нөлге жеткенше (туылу мен өлімнің тең саны) жалғасады деп күтілуде. Осы уақыттан кейін халықтың өсу қарқыны теріс болып, Халықтың жаһандық қысқаруына әкелуі мүмкін.