World Population Review (WPR) тәуелсіз ұйымының мәліметі бойынша, Үндістан халық саны бойынша Қытайдан жоғары болуы мүмкін. Сарапшылар кем дегенде 2050 жылға дейін өсуді жалғастырады деп есептейді.
2022 жылдың соңында Үндістан халқының саны 1,417 млрд адамды құрады. Macrotrends аналитикалық платформасы онда халық саны 1, 428 млрд адамға жетті деп есептейді.
Еске сала кетсек, өткен жылы Қытайда халық саны 60 жылдан астам уақыт ішінде алғаш рет 850 мыңға қысқарды. Қытайдың Мемлекеттік статистикалық бюросы осындай мәлімет таратқан.
Халқының жартысы 30 жасқа толмаған Үндістан алдағы жылдары ең жылдам дамып келе жатқан экономика болады деп күтілуде. Демографияның өсуді тиімді пайдалану үшін үкімет миллиондаған жұмыс орындарын құруы керек, деп атап өтті Bloomberg.
WPR Үндістан халқының саны кем дегенде 2050 жылға дейін өседі деп болжады.
Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша, 2022-2050 жылдар аралығындағы жаһандық халық өсімінің жартысынан көбі тек сегіз елде болады: Үндістан, Конго, Египет, Эфиопия, Нигерия, Пәкістан, Филиппин және Танзания.