Осыған байланысты Иран Ислам Республикасына күріш экспорттауды тоқтатты, деп жазады inbusines.kz сайты 24.KZ телеарнасына сілтеме жасап.
Иран – Үндістан күрішінің әлем бойынша екінші орын алатын ірі сатып алушысы. Жыл сайын 750 млн доллар көлемінде өнім импорттайды. Қазір тараптар арасында байланыс үзілген. Енді Үндістан жаңа нарыққа шығатын жолдар іздестіруге мәжбүр.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен сауда-саттық жүргізетін мемлекет тауарларына 25% баж салығы енгізілетінін жариялаған еді.
Сарапшылардың айтуынша, бұл мәлімдемеден кейін үндістандық экспорттаушылардың Иранмен жаңа келісімшарттар орнатуға ынтасы төмендеген.