Үндістан Қазақстан мұнайын сатып алудан бас тартты

3334

Ресейге салынған санкциялардың бір ұшы Қазақстанға да келіп тиді, деп хабарлайды Atameken Business.  

Үндістан Қазақстан мұнайын сатып алудан бас тартты

Үндістан билігі бүгін Қазақстан мұнайын сатып алудан бас тартты. Шектеу көрші елдегі Urals мен ESPO өнімдеріне де қойылған.

Үндістанның мұнай өңдеу зауыты бұны қауіп-қатердің алдын алу үшін жасағанын мәлімдеді.

Алпауыт компания мәскеулік кәсіпорындардың төлем қабілетіне күмән келтіріп, сақтандыру тәуекелдері басым екенін алға тартып отыр.

Сондықтан трейдерлерге қазақстандық CPC Blend шикі мұнайын ұсынбауды сұраған. Бұл – ел экономикасына үлкен соққы болары сөзсіз. Себебі экспортталған қара алтынның 5 пайызы Үндістанға тиесілі. Өткен жылдың өзінде 3,2 млн тоннаға тең шикізат 1,5 млрд долларға саудаланыпты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу