Үндістан корпоративтік салықты 20 млрд долларға қысқартпақ

1402

Нью-Дели экономика өсімін осылайша жеделдетуді қолға алуда. Өйткені елдің өндірісі соңғы алты жылдағы ең төменгі деңгейге дейін азайып кеткен. 

Үндістан корпоративтік салықты 20 млрд долларға қысқартпақ

Елдегі барлық отандық компанияларға салынатын корпоративтік салықтың 30 пайыздан 22 пайызға қысқаратыны туралы Үндістанның қаржы министрі Нирмала Ситхараман хабарлады. Сондай-ақ ол 1 қазаннан бастап құрылған өндірістік компанияларға 15 пайыздық салық салынатынын айтты. Бұл дегеніңіз елдегі салықтық жүктеменің Сингапурдағы көрсеткішке дейін түсірілгенін білдіреді. 

Ситхараманның пікірінше, осы шараның арқасында инвестиция көлемі ұлғайып, жұмыссыздақ азайып, экономика өсімі артады және кіріс те көбеймек. 

Үндістанның салықтық мөлшерлемені төмендетудегі ойы - инвестицияны тарту. Өйткені АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы көптеген компанияларды жаңа нарыққа көшуге итермелеуде. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу