Үндістан криптовалютаға салынған тыйымның күшін жойды

653

2019 жылы кейбір билік өкілдері мұндай валютаны қолданғандарды 10 жылға соттауды ұсынған болатын. 

Үндістан криптовалютаға салынған тыйымның күшін жойды

Елдің Қор банкі криптовалюта саудасына  шектеу салған болатын. Үндістанның Жоғарғы соты тыйымның күшін жойды. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлап жатыр.    

Жоғарғы соттың мұндай қадамға баруына елдің  криптовалютамен айналысатын бірнеше биржаның шағымдары түрткі болып отыр. Енді ЖІӨ көрсеткіші бойынша үшінші орындағы бұл дамушы елде криптовалюта заңды түрде қаржы құралы ретінде қолданылмақ.  

Еске сала кетсек, 2018 жылдың сәуір айында Қор банкі елдегі барлық қаржы институттарына виртуалды валюталармен байланысы бар қызмет көрсетуге тосқауыл қойған еді.

Жергілікті басылымдардың дерегіне сүйенсек, Үндістан үкіметінің бір бөлігі әлі де виртуалды валюталарға қарсылығын білдіруде. Тіпті 2019 жылы криптовалютаға салынған тыйымды қатаңдатып, оларды қолданғандарға айыппұл салуды және 10 жылға бас бостандығынан айыруды ұсынған. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу