Үндістан Қытаймен шекарада барлау деректерін жинауға кірісті

413

Үндістан үкіметі алғаш рет Қытаймен нақты бақылау сызығында (шекара, LAC) шекаралық барлау бекеттерін (BIP) құруға рұқсат берді. 

Үндістан Қытаймен шекарада барлау деректерін жинауға кірісті Фото: yamal-media.ru

Шекаралық бақылау бекеттері көрші ел армиясының шоғырлануы, қарулы қақтығыстар мен екіжақты шекараны бұзудың алдын алу бойынша мәліметтер жинау үшін құрылды. Бұл туралы Hindustan Times газеті хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"BIP Үндістанның Қорғаныс министрлігіне Қытайдың Халықтық-азаттық армиясының шекарадағы күдікті деген кез-келген қызметі туралы барлау ақпаратын тұрақты түрде жібереді", - деп атап өтті басылым көздері.

Бекеттер әскери барлау офицерлерімен жасақталады, жаңа бақылау және деректерді жинау құралдарымен жабдықталады. Олар Үнді-Тибет шекара полициясымен (ITBP), Ұлттық техникалық зерттеулер ұйымымен, барлау бюросымен, Үндістан қорғаныс департаментінің зерттеу және талдау бөлімімен бірлесіп жұмыс істейді.

Құрылатын шекаралық барлау бекеттерінің нақты саны айтылмады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу