Үндістан мен АҚШ әскери жаттығу өткізуді жоспарлап отыр

697

Кейін Үндістанның әскери күштері АҚШ-та, яғни суық Аляскада дәл осындай жаттығудан өтеді. 

Үндістан мен АҚШ әскери жаттығу өткізуді жоспарлап отыр

Үндістан мен АҚШ қазан айында Гималайда әскери әскери жаттығулар ұйымдастырмақ. Бұл туралы NDTV телеарнасы хабарлады.

Оқу-жаттығулар таулы жердегі әскери іс-қимылдарды пысықтауға бағытталған. Оның нақты қай жерде өтетіні жарияланбады. Кейін Үндістанның әскери күштері АҚШ-та, яғни суық Аляскада дәл осындай жаттығудан өтеді.

Үндістандағы БАҚ-тың хабарлауынша, қос елдің мұндай қадамға баруына Қытайдың Ладакх аумағында көпір салуы түрткі болып отырған көрінеді.

Америкалық шенеуніктердің айтуынша, ҚХР-дың бұл әрекеті аймақты тұрақсыздандырып, шиеленістің өршуіне әкеліп соқпақ. 

Гималайда Үндістан мен Қытай арасындағы шекараның болмауы – қос ел арасындағы жанжалдың негізгі себебі. 1959 жылы Үндістан Аруначал-Прадеш штатының бір бөлігінен Қытайдың бас тартқанын мәлімдеді. Ал 1962 жылы қарулы қақтығыс басталып, Үндістанның иелігіндегі Ладакх және Аксайчин аудандарының шамамен 38 мың шаршы шақырымы Қытайдың бақылауына өтіп кеткен болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу