Үндістан мен Қазақстан бірлесіп титан өндірісін қолға алмақ

684

Үндістан мен Қазақстан бірлесіп титан өндірісін қолға алмақшы, деп хабарлайды Atameken Business.

Үндістан мен Қазақстан бірлесіп титан өндірісін қолға алмақ

Қазір шетелдік инвестор Өскемендегі зауытпен келіссөз жүргізіп жатыр. Мұны индустрия вице-министрі Марат Қарабаев Ташкентке жасаған сапарында мәлімдеді. 

Бүгін Өзбекстан астанасында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің өнеркәсіпке жауапты басшылары бас қосты.

Қарабаевтың сөзінше, Қазақстан мен ұйым құрамындағы елдер арасындағы тауар айналымы былтыр 50 млрд долларға жеткен.

– Оның 31 млр-ды өнеркәсіп өнімдеріне тиесілі. Бұл салада еліміз Ресеймен – 60, Өзбекстанмен – 15, ал Қытаймен – 50 шақты инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатыр. Ал Пәкістан мен Үндістан біз үшін жаңа нарық, – деді вице-министр.

Сондықтан бірлескен жобалардың бәрі әзірге келіссөздер деңгейінде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу