Үндістан жексенбі кешінде материктік Қытаймен тікелей әуе қатынасын қайта бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
IndiGo әуе компаниясының алғашқы рейсі Калькуттадағы Нетаджи Субхас Чандра Бос атындағы халықаралық әуежайдан ұшып шығып, Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанчжоу қаласына қонды. Ұшақ бортында 176 жолаушы болды.
IndiGo компаниясының бас атқарушы директоры Питер Элберс тікелей әуе қатынасының қайта жандануы екі ел арасындағы сапарларды жеңілдетіп, сауда мен экономикалық байланыстарды нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.
Бұған дейін, 9 қазанда, Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Го Цзякун екі ел арасындағы әуе қатынасты қайта жандандыруға дайындық жүріп жатқанын хабарлаған болатын.