Үндістан мен Қытай шекарасында әскери қақтығыс болды

1359

Екі елдің шекаралық текетіресі 1950 жылдан бері жалғасып келеді.

Үндістан мен Қытай шекарасында әскери қақтығыс болды

Үндістанның солтүстік-шығысында жергілікті әскери патрульдер мен қытайлықтар арасында қақтығыс болды,деп хабарлайды Inbusiness.kz The Indian Express сайтына сілтеме жасап. Олар шекарада орналасқан Аруначал-Прадеш штатының Таванг секторында атысқан.

Басылымның мәліметінше, Қытайдың жүзден астам сарбазы Үндістанның өзінікі деп санайтын аумағына басып кірген. Қақтығыс бірнеше сағатқа созылған, әскерилерге қосымша отрядтар жіберілді.

Қос тарап командирлерінің келіссөздерінен кейін жағдай тұрақтанды. Шекарашылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. 

Шығыс Ладахтағы Үнді-Қытай шиеленісі 2020 жылдың мамыр айында екі елдің шекарашылары арасындағы қанды қақтығыстардан кейін ушыға кетті. Нақты демаркация сызығының болмауынан туындаған екі елдің шекаралық текетіресі 1950 жылдан бері жалғасып келеді. Қытай Тибет пен Үндістанның иеліктері арасындағы Макмагон деп аталатын сызықты мойындамай келеді. 

Табиғат Нұрболат

Фото: apnews.ocm

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу