Үндістан мен Орталық Азия елдері өңірлік және халықаралық қауіпсіздік мәселелерін талқылады

685

Нью-Делиде Үндістан мен Орталық Азия елдері ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілерінің – қауіпсіздік кеңестері хатшыларының алғашқы кездесуі өтті. Оған ҚР Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетов қатысты, деп жазады inbusiness.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Үндістан мен Орталық Азия елдері өңірлік және халықаралық қауіпсіздік мәселелерін талқылады Фото: akorda.kz

Кездесуде қауіпсіздіктің өңірлік және халықаралық өзекті мәселелері жөнінде жан-жақты пікір алмасу өтті.

Бұдан бөлек тараптар Ауғанстандағы қазіргі жағдайды және оның өңірдегі қауіпсіздік пен тұрақтылыққа әсерін, сондай-ақ "Солтүстік – Оңтүстік" халықаралық көлік дәлізін (INSTC) дамыту перспективаларын да талқылады.

"Ғизат Нұрдәулетов әріптестерін халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелеріне қатысты Қазақстанның ұстанымы туралы хабардар етіп, "Орталық Азия – Үндістан" диалогы аясында қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жөнінде бірқатар ұсыныс айтты. Кездесу қорытындысы бойынша кездесуге қатысушылар бірлескен коммюнике қабылдады. Онда Қазақстан Республикасының БҰҰ аясында Аурулар мен биологиялық қауіпсіздікті бақылау жөніндегі өңірлік орталықтар желісін құру, сондай-ақ арнайы көпжақты орган – Биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттік (IABS) құру жөніндегі бастамасының маңыздылығы атап өтілді", - делінген ақпаратта.

Сапар аясында Үндістан Республикасы Премьер-министрінің Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Аджит Довалмен екіжақты кездесу өткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу