Үндістанның орталық банкі мөлшерлемені рекордтық төмен деңгейде бекітті, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Reuters агенттігіне сілтеме жасап. Реттеуші пандемия кесірінен экономиканың қалыпқа келуі ұзаққа созылады деген пікірде.
Сондықтан қаржы-несие саясатын өзгеріссіз қалдырып отыр.
Банк репо мөлшерлемесін немесе несие берудің негізгі мөлшерлемесін 4%, кері репо мөлшерлемесін 3,35% деңгейінде қалдырды.Пандемия әсерін бәсеңдету үшін репо мөлшерлемесі 2020 жылдың наурызынан бастап 115 базистік пунктке азайтылып отыр.
Пандемия басталғалы Үндістанда 12,8 миллион тұрғын коронавирус инфекциясын жұқтырып, оның 166 мыңнан астамы көз жұмған. Осы күнге дейін 11,8 миллион адам ем-дом қабылдап жазылды.
Табиғат Нұрболат