Үндістан премьер-министрі отставкаға кетуге өтініш білдірді

200

Бұл қызметке Нарендра Моди үміткер ретінде болжанып отыр.

Үндістан премьер-министрі отставкаға кетуге өтініш білдірді Фото: aa.com.tr

Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди министрлер кабинетімен бірге отставкаға кетуге өтініш берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

"Бүгін Нарендра Моди президентпен кездесіп, министрлер кабинетімен бірге отставкаға кетуге өтініш білдірді. Президент отставканы қабылдап, Нарендра Моди мен министрлер кабинетінен жаңа үкімет қызметіне кіріскенше жұмысын жалғастыруды сұрады", - делінген Үндістан президенті хатшылығының хабарламасында.

Кейін белгіленген тәртіп бойынша Үндістан президенті жеңіске жеткен партияның кандидатына жаңа үкіметті құруды тапсыруы керек. Бұл қызметке Нарендра Моди үміткер ретінде болжанып отыр. Егер болжам дөп келсе, Моди үшінші рет қатарынан Үндістан премьер-министрі қызметін атқаратын болады.

Бұған дейін Премьер-министр Нарендра Модидің партиялар альянсы Үндістандағы жалпы сайлауда дауыстардың көпшілігі саналғаннан кейін үкіметті құру үшін парламентте жеткілікті орынға ие болғанын жазған едік.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу