Үндістан премьер-министрі ШЫҰ саммитіне неге келмеді?

233

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Астана саммитінде Үндістан СІМ басшысы Субраманьям Джайшанкармен қатысады.   

Үндістан премьер-министрі ШЫҰ саммитіне неге келмеді? Фото: mavink.com

Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Моди ел Парламентінің алдағы сессиясына байланысты ШЫҰ саммитіне қатыса алмады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

The Hindu мәліметінше, Нарендра Моди 2-4 шілде аралығында өтетін арнайы парламенттік рәсімге қатысады.

"Үндістан делегациясын Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитінде Сыртқы істер министрі басқарады", - деді Оңтүстік Азия Республикасы Сыртқы саясат ведомствосының ресми өкілі Рандхир Джайсвал.

Айта кету керек, осыған дейін Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының Саммиті аясында Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеудің Үндістан Республикасының Сыртқы істер министрі Субраманьям Джайшанкармен екіжақты кездесуі өткен болатын. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу