Үндістан Ресей мұнайын импорттауды рекордтық деңгейге жеткізді

862

Ресей – Үндістанға мұнай тасымалдайтын ірі импорттаушылардың бірі.

Үндістан Ресей мұнайын импорттауды рекордтық деңгейге жеткізді Фото: reuters.com

Маусым айында ресейлік мұнайдың Үндістанға импортталуы бір тәулікте рекордтық 950 мың баррельге дейін өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл – Үндістандағы мұнай импортының жалпы көлемінің бестен бір бөлігі. Маусым айында Үндістан 4,8 млн баррель (бір тәулікте) мұнай импорттады. Мамыр айымен салыстырғанда 3,8%-ға аз, бірақ бір жыл бұрынғы көрсеткіштен шамамен 23%-ға көп.

Ресейлік мұнайдың импортталуы маусым айында 15,5%-ға өсті, ал Ирак пен Сауд Арабиясынан тасымалданған шикізат көлемі 10,5%-ға және 13,5%-ға қысқарды. 

Ескере кететін жайт, Ресей – Үндістанға мұнай тасымалдайтын ірі импорттаушылардың бірі. Бұл тізімде ол Ирактан кейін екінші орында, Сауд Арабиясы үшінші орында.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу