Үнді БАҚ-тарында импорттың азаюын МӨЗ-дегі профилактикалық жұмыстар мен Ресейден шикізатқа жеңілдіктердің төмендеуімен байланыстырады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Тамыз айында Үндістанның мұнай өңдеу зауыттары Ресейден мұнай импортын 2023 жылдың соңғы жаз айымен және шілдемен салыстырғанда шамамен 41%-ға төмендетті. Үндістанға 32,3 миллион баррель Ресей мұнайы түсті. Мұндай деректерді Үндістанның сауда және өнеркәсіп министрлігі жариялайды.
2023 жылдан бастап ресейлік компаниялар Азия еліне шикізаттың негізгі жеткізушілеріне айналды. Жалпы, олар өз жеткізілімдерін сақтап қалды. 8 айда жалпы экспорт өзгерген жоқ. Ресей мұнайының жеткізілімі 2023 жылмен салыстырғанда тек 1,2%-ға – 420 миллион баррельге дейін төмендеді.
Бұл ретте үнді МӨЗ шығындары былтырғыдан жоғары болды. Егер 2023 жылдың 8 айында олар ресейлік мұнайға $ 29,9 млрд жұмсаған болса, биыл $ 34,2 млрд құртты. Оған себеп – ресейлік баға қатты тәуелді мұнайдың жаһандық бағасының жоғарылауы және Ресейдің шикізатқа жеңілдікті азайтуы.
Үндістанға жеткізілімдердің тамыз айында төмендеуінің бірнеше себептері болуы мүмкін. The Business Standard басылымы тамыз айында жергілікті МӨЗ профилактикалық жөндеу жұмыстарын белсенді жүргізгені туралы Petroleum Planning and Analysis Cell (PPAC) ақпаратын берді. Сонымен қатар, трейдерлер бұл жағдайда үнді зауыттарына жоғары жеңілдіктер беруден бас тартты. Үндістанның сауда және өнеркәсіп министрлігінің мәліметі бойынша, жаздың соңғы айында ресейлік баррельдер үшін жеткізу шығындарын қосқанда орташа есеппен 81,8 доллар төленді.
Ресейдің Үндістанға жеткізудегі ең жақын бәсекелесі Ирак тамыз айында елге экспортты 2023 жылмен салыстырғанда 30,5%-ға төмендетті. Бірақ ол шілде айындағы деңгейді сақтап қалды – 20 миллион баррельден астам. Тамыз айында Үндістан үшін Ирак мұнайының орташа бағасы ресейлік бағадан төмен болды — барреліне 80,8 доллар.