Үндістан Ресей мұнайына қатысты Батыс бекіткен шектеулерді сақтауға келісті

597

Үндістан  Ресей мұнайына қатысты Батыс бекіткен шектеулерді бұзбайтын болды.  

Үндістан  Ресей мұнайына қатысты Батыс бекіткен шектеулерді сақтауға келісті Фото: РИА Новости

Bloomberg агенттігі өз дереккөзеріне сүйеніп хабарлағандай, үнді билігі банктер мен трейдерлерге ресейден келетін қара алтынның барреліне 60 доллардан артық төлемеу жөнінде хабарлама жолдаған. Ал оған дейін Нью-Дели желтоқсанда Батыс елдері қабылдаған шектеуді қолданбаған болатын.

Елдің мұнай және газ министрі Хардип Сингх Пури “мұнайда ешбір елдің белгісі жоқ, сондықтан өзіміздің энергетикалық қауіпсіздігіміз үшін тәуелсіз саясаты ұстанамыз” деп мәлімдеген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу