Үндістан Украина бойынша бейтараптықты ұстанатынын жариялады

887

Бұл ел БҰҰ Бас Ассамблеясының Ресейді Украинаға қарсы әрекеті үшін айыптайтын қарарына дауыс беруден бас тартқан болатын.

Үндістан Украина бойынша бейтараптықты ұстанатынын жариялады

Үндістан Ресеймен де, Украинамен де қарым-қатынас орнатты, сондықтан  Ресей Федерациясының Украинадағы әрекеті бойынша бейтарап позицияны ұстанады. Ел премьер-министрі Нарендра Моди осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Үндістан бұл елдермен экономика, қауіпсіздік, білім беру және саясат салаларында байланыс орнатты. Еліміздің бірқатар қажеттілігі осы елдермен тығыз байланысты", – деді Моди.

Үкімет басшысының айтуынша, Үндістан қос тарапты бейбітшілік пен диалогқа шақырады.

"Бұл соғыс барлық елдерге әсерін тигізеді. Үндістан қақтығыстың бейбіт жолмен шешілуін қолдайды", – деді премьер-министр.

Бұған дейін Үндістан БҰҰ Бас Ассамблеясының Ресейді Украинаға қарсы әрекеті үшін айыптайтын қарарына дауыс беруден бас тартқан болатын. Сонымен қатар БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде Украина дағдарысына арналған Бас Ассамблеяның сессиясын шақыру мәселесі бойынша да дауыс берген жоқ.

Табиғат Нұрболат

Фото: hindustantimes.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу