Үндістан Украина төңірегіндегі дағдарысты тез арада басуға шақырды

1357

21 ақпанда Ресей Президенті Владимир Путин Донецк және Луганск халық республикаларының егемендігін мойындағанын мәлімдеді.

Үндістан Украина төңірегіндегі дағдарысты тез арада басуға шақырды

Үндістан билігі Украина төңірегіндегі дағдарысты басу – негізгі міндеттердің бірі деп санайды. Бұл туралы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысында Үндістанның ұйымдағы тұрақты өкілі Т.С. Тирумурти мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Украина мен Ресей Федерациясының шекарасындағы шиеленістің ушығуы алаңдаушылық тудырып отыр. Бұл шешім аймақтағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке нұқсан келтіруі мүмкін", – деді ол.

Ол сондай-ақ қазір Украинадағы Үндістан азаматтарының қауіпсіздігіне алаңдайтынын атап өтті.

"Азаматтардың қауіпсіздігі біз үшін өте маңызды. 20 мыңнан астам үндістандық студент пен азамат Украинаның түкпір-түкпірінде, соның ішінде шекараға жақын жерлерде тұрып жатыр не білім алуда", – деді Тирумурти.

21 ақпанда Ресей Президенті Владимир Путин Донецк және Луганск халық республикаларының егемендігін мойындағанын мәлімдеді. Олардың басшыларымен достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарттарға қол қойылды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу