Алдағы күндері Үндістан Украинаға гуманитарлық көмектің тағы бір партиясын, яғни дәрі-дәрмек жібереді, деп хабарлайды inbusiness.kz Үндістанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілінің орынбасары Р. Равиндраның мәлімдемесіне сілтеме жасап.
"Украинадағы гуманитарлық жағдайды ескере отырып, Үндістан бұл елге және оған көршілес елдерге көмек көрсетеді. Біз жақын күндері Украинаға дәрі-дәрмектердің жаңа партиясын жеткіземіз", – деді Равиндра.
Үндістандық дипломат халықаралық қауымдастықты Украинаға гуманитарлық көмек көрсетуге шақырды. Ол сондай-ақ қауіпсіз дәліздерді қамтамасыз ету керек деп мәлімдеді.
Равиндра Үндістан қақтығыс басталғаннан бері шиеленісті диалог пен дипломатия арқылы шешуге шақырып жүргенін еске салды.
"Жазықсыз адамдардың өміріне қауіп төнген кезде, дипломатия жалғыз тиімді шешім болуы керек", – деді ол.
Табиғат Нұрболат
Фото: hindustantimes.com