Үндістан зілзаладан зардап шеккен Ауғанстанға көмектесуге дайын

602

Соңғы мәлімет бойынша, апаттан 1,5 мыңға жуық адам қаза тапты.

Үндістан зілзаладан зардап шеккен Ауғанстанға көмектесуге дайын

Үндістан Ауғанстан халқын қолдайды және жойқын жер сілкінісінен кейін оған көмектесуге дайын. Ел Премьер-Министрі Нарендра Моди өзінің Twitter-дегі парақшасында осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Моди зілзаладан қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты. 

Сонымен қатар Ресей мен Жапония да жәрдемдесуге дайын екенін білдірді. 

"Біз қажетті көмек көрсету үшін ақпарат жинап, пысықтап жатырмыз", – деді Жапонияның Министрлер кабинетінің бас хатшысының орынбасары Сэйджи Кихара.

Еске сала кетсек, Ауғанстанның Пактика, Хост, Лагман, Газни, Логар және Кабул провинцияларында 6,1 балдық жер сілкінісі болды. Соңғы мәлімет бойынша, 1,5 мыңға жуық адам қаза тапты.

БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гуттериш әлем қауымдастығын апаттан зардап шеккен елге қолдау көрсетуге шақырды.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу