Үндістанда "Окхи" дауылынан 250-ден астам тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті

798

Үндістанда "Окхи" дауылынан 250-ден астам тұрғын із-түзсіз жоғалып кетті

Үндістанда "Окхи" тропикалық дауылынан кейін 250-ден астам тұрғын ізім-қайым жоғалып кеткен. Олардың дені – балықшылар, деп хабарлайды 24.kz.

Еске салсақ, өзімен бірге нөсер ала келген дүлей дауыл мұнда желтоқсанның басында ойран салған болатын. Ресми мәлімет бойынша, 88 адам ажал құшқан. 4,5 мың үй толығымен қирап қалса, 10 мыңға жуығына айтарлықтай нұқсан келген.

Табиғат апатынан елдің оңтүстігіндегі Тамилнад және Керала штаты қатты жапа шекті. Бір ғана Тамилнадтағы материалдық шығын көлемі 27 млн долларға бағаланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу