Үндістанда 1 миллионға жуық тұрғын эвакуацияланды

807

Мамандар "Фани" циклонының желі сағатына 190 шақырымға дейін жеткенін хабарлайды. 

Үндістанда 1 миллионға жуық тұрғын эвакуацияланды

Үндістанға таяп қалған "Фани" циклонынан жергілікті билік 200-ге жуық теміржол қатынасын кейінге шегерді. Калькутта мен Бхубанешвар қаласында әуе рейстері тоқтатылды. Құтқарушылар қауіпті жерлерден 1 миллионға жуық тұрғынды эвакуациялап үлгерді, деп хабарлайды 24.kz.

Мамандар "Фани" циклонының желі сағатына 190 шақырымға дейін жеткенін хабарлайды. Болжам бойынша, Орисса штаты ең көп зардап шегуі мүмкін. Аймақтарда табиғат апатына байланысты жоғарғы қауіптілік режимі жарияланды. Барлық мекемелер жұмысын тоқтатты. Халық пойызбен және жүк көліктерімен қауіпсіз аймаққа көшіріліп жатыр.

Айта кетейік, дәл осындай циклон осыдан 20 жыл бұрын 10 мыңға жуық адамның өмірін қиған болатын. Ал табиғат апатынан келген шығын көлемі 4,5 млрд долларды құраған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу