Үндістанда 2008 жылы лаңкестікті ұйымдастырғандар өлім жазасына кесілді

1104

13 жылға созылған тергеу процесі аяқталды.

Үндістанда 2008 жылы лаңкестікті ұйымдастырғандар өлім жазасына кесілді

Үндістанның Ахмадабад қаласындағы арнайы сот 2008 жылы бірнеше террористік шабуылды ұйымдастырды деп танылған 38 адамды өлім жазасына кесті, деп хабарлайды inbusiness.kz NDTV телеарнасына сілтеме жасап. Ол кезде қастандық салдарынан 50-ден астам адам қаза тапқан еді. 

8 ақпанда Гуджарат соты осы іс бойынша 49 айыпталушыны кінәлі деп танып, 28 адамды ақтады. Осылайша, 13 жылға созылған тергеу процесі аяқталды. 

2008 жылғы 26 шілдеде Ахмадабад қаласында жасалған террорлық шабуыл көшелерді, алаңдарды және тіпті қалалық ауруханаларды қамтыды. 21 бомба шамамен 70 минут бойы кезек-кезекпен жарылған болатын. Лаңкестік салдарынан 56 адам ажал құшып, 250-інің денсаулығына түрлі зақым келді. Шабуылды "Харкат-уль-Джихад-әл-Исламия" тобы өз мойнына алды. Бірақ кейін бұған "Үнді мужахидтері" және "Үндістандағы ислам студенттерінің қозғалысы" топтарының радикалдарымен байланысы бар адамдардың қатысы болғаны анықталды. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу