Үндістанда 300 адам белгісіз дертке шалдықты

467

Бұған дейін Сенегал балықшыларының бұрын-соңды тіркелмеген дертке душар болғаны жарияланған еді.

Үндістанда 300 адам белгісіз дертке шалдықты Фото: reuters.com

Үндістанда 300-ден астам адам белгісіз ауруға шалдықты. Бұл туралы жергілікті басылымдар хабарлады.

Андхра-Прадеш штатындағы дәрігерлерінің дерегінше, бір адам дерттен көз жұмған. 315-і қазір ауруханада ем қабылдап жатыр. Науқастардың талып қалуы, бас айналуы, бас ауруы мен эпилепсия белгілері тіркелген. Олардың коронавирус инфекциясына шалдықпағаны анықталды. Жергілікті билік тұрғындардың жаппай ауруға шалдығуына ауаның ластануы мен сапасыз азық-түлікті пайдалану себеп болуы мүмкін деп отыр. 

Еске сала кетсек, бұған дейін Сенегалда 200-ден астам балықшының белгісіз дертке шалдыққаны жарияланған еді. Бұл елдегі дәрігерлер науқастардың денесі қабыршақтанып, еріндері ісіп, көздерінің қабынғанын айтқан болатын.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу