Үндістанның Ассам штатында 84 адам қолдан жасалған ішімдіктен уланып көз жұмды. Тағы 200-ден астам тұрғын ауруханаға түсті. Олардың арасында әйелдер де бар, деп хабарлайды 24.kz.
Дәрігерлер уланғандардың саны арта түсуі мүмкін дейді. Өйткені өңірде жедел жәрдемді шақырған жандар көбейген.
Еске сала кетейік, осыдан 2 апта бұрын Үндістанның солтүстігінде де дәл осындай жағдай болып, 100-ден астам адам уланып қайтыс болған еді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу