Соның салдарынан пойыз жолды дұрыс ауыстырмаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Euronews агенттігінің мәліметінше, мұндай деректі Үндістанның теміржол көлігі министрі мәлім еткен. Ал ел Премьер-министрі кінәлілер жазаға тартылатындығына уәде беріп отыр. Қазіргі уақытта тергеу пойыз апатына кінәлілерді анықтап жатыр.
Қайғылы оқиға жұма күні елдің шығысындағы Одиша штатында, Баласор қаласы ауданында болған. Нақтыланған деректерге сәйкес, 3 пойыздың соғысуы салдарынан 300-ден астам адам мерт болған. Дегенмен ел билігі қаза тапқандардың саны артуы мүмкін екендігін де жоққа шығармайды. Мұнан бөлек, жүздеген жолаушы жарақат алған.
2 маусым күні болған апат Үндістан тарихындағы адам шығыны бойынша үшінші теміржол апаты саналады. 1981 жылдың 6 маусымында Бихар штатында жолаушылар пойызы өзенген құлаған еді. Соның салдарынан кемінде 750 адам мерт болған. Ал 1995 жылдың 20 тамызында Уттар-Прадеш штатында "Пурушоттама экспресі" жолда тұрған жолаушылар пойызына соғылып, 350-ден астам адам қаза тапқан болатын.