Үндістанда айналмалы шолу дөңгелегі құлап кетті

204

30 адам зардап шекті.

Үндістанда айналмалы шолу дөңгелегі құлап кетті Фото: liter.kz

Үндістанның халқы тығыз қоныстанған Уттар-Прадеш штатында түнгі жәрмеңке кезінде биіктігі 18 метр болатын шолу дөңгелегі құлап кетті. Салдарынан жоқ дегенде 30 адам жарақат алды. Бұл туралы The Independent басылымы жергілікті полицияға сілтеме жасап жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға Кушинагар округіндегі Бхайнсаха ауылында орналасқан ежелгі ғибадатхана кешенінде болған. Жыл сайын өтетін жәрмеңкеге жүздеген адам жиналған.

Куәгерлер түсірген видеода ондаған адам отырған шолу дөңгелегінің бір жаққа қисайып, артынан жерге опырылып түскені анық бейнеленген. Аттракционда әйелдер мен балалар да болған.

Жергілікті БАҚ хабарлауынша, аттракционда 80-ге жуық адам болған. Дөңгелек екі рет айналып үлгерген кезде сықыр еткен дыбыс шығып, құрылым толықтай опырылған. Он адам ауыр жарақат алған, қалғаны жеңіл жарақаттанған.

Тәртіп сақшылары құтқару жұмыстарының бірден басталғанын мәлімдеді. Оқиға орнына барған 6 жедел жәрдем көлігі зардап шеккендерді жақын маңдағы ауруханаларға жеткізген. Куәгерлердің бірі аттракционның бір тірегі жұмыс барысында сынып кеткенін, соның салдарынан бүкіл құрылым құлағанын айтқан. Бұл ақпаратты NDTV Hindi да растайды.

Алдын ала мәліметке сәйкес, аттракционда бұған дейін де техникалық ақау болған. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу