Үндістанда анықталған "қара зеңге" Ирак еліне жетті

700

Мукормикоз – зең инфекциясынан туындаған асқынудан кейін пайда болатын дерт.

Үндістанда анықталған "қара зеңге" Ирак еліне жетті

Ирактың оңтүстігіндегі Ди-КаР провинциясында мукормикоз, яғни "қара зең" деп аталатын ауру салдарынан кем дегенде екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz жергілікті денсаулық сақтау департаментінің өкілі Аммар Әл-Замилиге сілтеме жасап.

"Насирия қаласында "қара зең" жұқтырудың төрт фактісі және осы дерттен екі адамның қаза тапқаны тіркелді. Бұл екі жағдай да коронавирустық инфекциядан туындаған асқынулармен байланысты", – деді Аль-Замили.

Мукормикоз – зең инфекциясынан туындаған асқынудан кейін пайда болатын дерт. Оған әсіресе қоршаған ортадағы зең спораларын ұстаған адамдар шалдығады. Ол споралар ағзаға терідегі жарақат арқылы енеді. Мамандардың айтуынша, қант диабеті барлар мен иммунитеті әлсіз адамдардың "қара зеңге" шалдығу ықтималдылығы жоғары.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қытайдың Цзянсу провинциясында H10N3 деп аталатын құс тұмауы вирусының штамын жұқтыру фактісі анықталған еді.Дертке Цзянсу провинциясында тұратын 41 жастағы ер адам шалдыққан болатын. 23 сәуірде оның қызуы көтеріліп, аурудың басқа белгілері байқала бастаған. 28 сәуірде науқас жағдайының нашарлауына байланысты жергілікті ауруханаға жатқызылды. Науқаспен тығыз байланыста болған адамдардың барлығы медициналық бақылауға алынды. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақты, жақын арада ауруханадан шығарылады.

Табиғат Нұрболат

Фото: aljazeera.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу