Үндістанның Уттаракханд штатында мұздық құлап, салдарынан қаза тапқандар саны 62-ге жетті,деп хабарлайды Inbusiness.kz Чамоли округі полициясың мәлімдемесіне сілтеме жасап.
Ресми дерек бойынша, құтқарушылар 62 адамның мәйітін тапқан. 34-інің аты-жөні анықталды. Апат кесірінен 142 адам із-түзсіз жоғалған.
Құлаған мұздық Ришиганга өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне әкеліп соғып, қуаттылығы 13,2 МВт болатын су электр станциясы су астында қалған. Су тасқыны кезінде Таповандағы су электр станциясының техникалық туннелінде болған 30-35 адам іздестіріліп жатыр. Мемлекеттік департаменттің ТЖ жөніндегі 12 тобы іздестіру-құтқару жұмысына жұмылдырылған. Сонымен қатар операцияға ұлттық және жергілікті құтқарушылар, Үнді-Тибет полициясының қызметкерлері және әскери қызметкерлер қатысады.
Табиғат Нұрболат