Үндістанда аптап ыстықтан 100-ге жуық адам көз жұмды

476

Уттар-Прадеш пен Бихар штаттарында ауа температурасы 45°C-қа дейін көтерілді.

Үндістанда аптап ыстықтан 100-ге жуық адам көз жұмды Фото: Kun.uz

Үндістанның халық көп тұратын екі штатында соңғы бірнеше күнде кем дегенде 96 адам қаза тапты, қазір бүкіл ел аптап ыстықтан зардап шегіп отыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz The Guardian басылымына сілтеме жасап

Өлім-жітім солтүстік Уттар-Прадеш штаты мен шығыс Бихар штатында көп болды, билік осы штаттардағы 60 жастан асқан тұрғындарға және әртүрлі аурулардан зардап шегетін басқа адамдарға күндіз үйден шықпау керек екенін ескертті.

Уттар-Прадеш штатының Баллия ауданында 54 адам қайтыс болды. Билік өлгендеі олардың көбінің жасы 60-тан асқанын және қатты ыстықтан асқынуы мүмкін сырқаттары бар екенін анықтады.

Баллия ауданының медицина қызметкері С.К.Ядав соңғы үш күнде аудандық ауруханаға аптап ыстықтан бұрыннан бар дерті асқынған 300-ге жуық науқас түскенін айтты.

Ауыр жағдайға байланысты билік жедел жәрдем бөлімендегі төсек санын көбейтті.

Жексенбі күні Баллия округінде ең жоғары температура 43°C болды, бұл нормадан 5°C-қа асып кетті. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 25% деңгейінде бекітілді, бұл жылу әсерін арттырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу