Үндістанда Ауғанстаннан тасымалданған үш тонна героин табылды

895

Алдын ала тінту жұмыстары бірнеше ірі қалада жүргізілген.

Үндістанда Ауғанстаннан тасымалданған үш тонна героин табылды Фото: reuters.com

Үндістандағы контрабандаға қарсы барлау офицерлері Гуджарат портында үш тоннаға жуық героин тапты, деп хабарлайды Inbusiness.kz BBC News-ке сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, тәркіленген тыйым салынған заттар партиясының құны 2,7 миллиард долларға бағаланып отыр. Есірткі Ауғанстаннан Ирандағы Бендер-Аббас порты арқылы жеткізілген көрінеді.

Алдын ала тінту жұмыстары Үндістанның бірнеше ірі қаласында жүргізілген. Барлау өкілдері героиннің заңсыз айналымымен айналысқаны үшін екі адамды тұтқындаған. Сонымен қатар бірнеше ауғанстандық тергеліп жатыр.  

15 қыркүйекте Италияның Прато қаласында тұратын Франческо Спагнези есімді діни қызметкер есірткі саудасымен айналысты деп айыпталған еді. 40 жастағы ер адам танысу сайттары арқылы адамдарды өзі ұйымдастырған кештерге шақырған. Ол кокаин мен басқа да тыйым салынған заттарды сатып алып, кешке келген қонақтарға сатқан. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу