Үндістанда ауылды сел басып, 4 адам қаза тапты

140

Уттаркаш округінің судьясы Прашант Арья ақпаратты растады.  

Үндістанда ауылды сел басып, 4 адам қаза тапты Фото: newsarenaindia.com

Үндістанның солтүстігіндегі Уттаракханд штатында орналасқан Дхарали ауылында болған сел салдарынан 4 адам қаза тауып, ондаған адам із-түзсіз жоғалды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты News Arena India сайтына сілтеме жасап.

– Ауданға сел түріндегі қуатты су тасқыны тиді. Қазір біз адам өмірі мен мүлікке келген залалдың ауқымын бағалап жатырмыз, – деп мәлімдеді Прашант Арья.

Оның айтуынша, жедел іздестіру-құтқару жұмыстары үшін аймаққа армия бөлімшелері, Ұлттық (NDRF) және Мемлекеттік төтенше жағдайларға әрекет ету күштері (SDRF) жіберілді.

Шенеуніктер мен жергілікті тұрғындардың айтуынша, Дхаралидегі су тасқыны 40-50-ге жуық ғимаратты, оның ішінде 20-25 қонақ үй мен үйлерді шайып кеткен. Уттаракханд РК Бас хатшысы Судханшу алғашқы мәліметтер бойынша топан суда 40-50 құрылыс қирағанын айтты.

Ал, Раджеш Панвар есімді ауыл тұрғынының айтуынша, 10-12 адам үйінді астында қалуы мүмкін.

Үндістанның метеорологиялық қызметі 10 тамызға дейін Уттаракханд аумағында, әсіресе таулы өңірлерде, жауын-шашын мол түсетінін ескертті.

Мамандар апатты климаттың өзгеруі әрі Гималайдағы мұздықтардың еруімен байланыстырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу