Үндістанда автобус апатынан 50 адам көз жұмды

878

Үндістанның билігі қаза тапқандардың отбасыларына 6 800 доллар көлемінде өтемақы төлемек.

Үндістанда автобус апатынан 50 адам көз жұмды

Үндістанның оңтүстігінде автобус жардан құлап, 50 адам қаза болды, деп хабарлайды 24.kz.

Мәлім болғандай, автобуста 70-ке жуық адам болған. Олардың кейбірі отбасыларымен Джагтьял аймағындағы қасиетті жерге тәу етуге бара жатқан.

Болжам бойынша, көлік жүргізушісі таулы жолда тежегішті басқара алмай қалған. Салдарынан автобус бірнеше рет аударылып, жардан құлады.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Үндістанның билігі қаза тапқандардың отбасыларына 6 800 доллар көлемінде өтемақы төлемек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу