Үндістанда бала саудасымен айналысқан ұйымдасқан топтың қылмысы әшкереленді. Полицейлер Мумбай қаласында 5 әйел мен бір ер адамды қамауға алды. Олар балғындарды ұрлап, баласы жоқ отбасыларға өз перзентім деп сатып отырған. Қаскөйлер "тірі тауарды" 4,5 мың долларға бағалаған.
Жалпы, Үндістанда қаскүнемдер кәмелетке толмағандарды сатуды табыс көзіне айналдырып алған. Оларды астыртын фабрикаларда жұмысқа салып, құл ретінде ұстайды не болмаса бала сүю бақытынан айырылған отбасыларға тапсырады. Осылайша, былтыр елде 80 мыңнан астам бүлдіршін ұрланған, деп хабарлайды 24Хабар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу