Үндістанда барлық карантиндік шектеулер алынды

649

22 қарашадан бастап Үндістан билігі шетелдіктердің кіруіне қойылатын талаптардың басым бөлігін алып тастады, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Үндістанда барлық карантиндік шектеулер алынды Фото: tengritravel.kz

Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, вакцинация енді халықаралық келушілерге міндеттелмейді.

"COVID-19 траекториясының тұрақты құлдырауы әлемде және Үндістанда COVID-19 вакцинациясын қамтудағы елеулі жетістіктерге байланысты. Денсаулық сақтау және отбасылық әл-ауқат министрлігі Халықаралық келушілерге арналған нұсқаулықтың қайта қаралған нұсқасын шығарды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар шетелдіктерге енді Air Suvidha порталында вакцинация туралы декларацияны толтыру, сондай-ақ елге кіру үшін ПТР сынақтары қажет емес.

Өткен аптада билік Үндістанда ішкі және халықаралық рейстерде маска тағу міндетін алып тастады. Енді саяхатшылар маска тақпағаны үшін айыппұл төлемейді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу