Үндістанда "Бипарджой" дауылы әлек салып жатыр

439

Осының салдарынан 2 адам қаза тапты. 

Үндістанда "Бипарджой" дауылы әлек салып жатыр Фото: reuters.com

Батыс Үндістан жойқын циклон "шабуылына" ұшырады. Салдарынан, 2 адам опат болды. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, олар нөсер мен су тасқынына қарамастан, ірі қара малын құтқару үшін далаға шығып кетіпті, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

"Бипарджой" деп аталатын қуатты тропикалық циклон жағалау жұртын әбден әбігерге салды. Елдің батысында соққан күшті жел, ағаштар мен электр бағандарын опырып, үйлердің шатырын жұлды. Кеше түннен бастап құйған жауын-шашын, тек, таң ата ғана басылып, көшелерді суға толтырды. 

Елдің төтенше жағдай қызметкерлері үйінділерді қопарып жатыр. Ал, синоптиктер болжамынша, жел мен нөсер жексенбіге дейін сақталады. 

Жойқын дауылдың жылдамдығы құрлыққа шыққаннан кейін сағатына 105-тен 85 шақырымға дейін төмендейді. 

Еске салайық, кеше Джахау портынан 75 мыңға жуық тұрғын эвакуацияланды және 51 мың ірі қара мал қауіпсіз жерге тасымалданды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу