Үндістанда биткоинға тыйым салынуы мүмкін

1026

Үндістанда биткоинға тыйым салынуы мүмкін

Үндістанда адвокат Бивас Чаттерджи Калькуттск сотына биткоинның Үндістанға ағыны мен жылыстауын ретке келтіру туралы өтініш түсірді, деп хабарлайды cointelegraph.com-ға сілтемемен abctv.kz. 
Адвокат өтінішінде биткоин көбінесе заңсыз мақсатта қолданылады, сондықтан оны реттеу керек немесе Қытай сияқты тыйым салу керек деп жазды. Әсіресе биткоинды қадағалап отыру қиын, ал бұл оны заңсыз қаржылық операциялар үшін тиімді құрал етеді. 
"Биткоин – қылмыс жасау үшін ең тиімді құрал. Оның жасырын болу салдарынан құқық қорғау органдары криптовалютаға қатысты қылмысты ашу кезінде кедергілерге тап болуда", - деп жазады адвокат.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу