Үндістанда бұрынғы парламент депутаты тікелей эфирде өлтірілді

497

Ол бұрын кісі өлтірді деп айыпталған.  

Үндістанда бұрынғы парламент депутаты тікелей эфирде өлтірілді Фото: RTVI

Үндістан Парламентінің бұрынғы депутаты Атик Ахмед пен оның ағасы Ашраф тікелей эфирде атып өлтірілді.

Қылмыскерлер өздерін журналиспіз деп таныстырып, полицияның қамауында сұхбат берген депутатты жақын қашықтықтан атып өлтірген, деп хабарлайды inbusiness.kz The Guardian-ға сілтеме жасай отырып.

Ахмед 2019 жылдан бастап адам ұрлағаны үшін жазасын өтеп келеді. Ол сондай-ақ кісі өлтірді және шабуыл жасады деп айыпталды.

Шабуылдаушылар сұхбат орнына теледидар жабдықтары бар мотоциклдермен келіп, жалған журналист куәлігін көрсеткен. Нәтижесінде ағайындыларға 20-дан астам оқ атқан. Екеуі де сол жерде тіл тарпай кетті.

Оқиғадан кейін көп ұзамай шабуылдаушылар өздері полицияға берілген. Олардың бірі үнді ұлтшылдарының "Джай Шри Рам" немесе мұсылмандарға шабуыл жасау кезінде қолданылатын "Лорд Рамға сәлем" деп айқайлады. Сонымен 22 жастағы Лавлиш Тивари, 23 жастағы Мохит Пурани мее 18 жастағы Арун Кумар Маурия қылмыскер деп атанды. Олар өз әрекеттерімен есімдерін ел есінде қалдырмақ болған.

Тікелей эфирдегі оқиғадан бір апта бұрын Атиканың 19 жасар ұлы полиция қызметкерлерімен атып өлтірді, ол да Умеш Пал есімді адвокаттың өліміне қатысы бар деп танылған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу