Үндістанда дәрігерлер жалпыұлттық ереуілге шығады

168

Резидент дәрігерлер бірнеше күн бойы митингтерге шығып жүр.

Үндістанда дәрігерлер жалпыұлттық ереуілге шығады Фото: Debarchan Chatterjee / NurPhoto / Reuters

Калькуттадағы мемлекеттік ауруханада тағылымдамадан өтіп жүрген әйел дәрігер зорланып, қатыгездікпен өлтірілді. Үндістан дәрігерлер қауымдастығы 17 тамыз күні ұлттық ереуілге шығатынын жариялады. Бұл туралы The Times Of India жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қайғылы жағдай 32 жастағы аспирант қызметтік міндеттерін орындау кезінде болған. Әйел дәрігердің жансыз денесі 9 тамыз күні таңертең аурухананың семинар залында табылды. Басылымның жазуынша, тағылымдамадан өтіп жүрген дәрігер жұмыс ауысымынан кейін сол жерде ұйықтап қалған. Әйелдің денесінен түрлі жарақат табылды, ол тұншықтырып өлтірілуі мүмкін деп те жазылған.

Калькутта полициясының азаматтық еріктісі қылмыс жасады деген күдікпен ұсталды.

Бұл оқиға Үндістанның медициналық қауымдастығын ғана емес, бүкіл елді дүр сілкіндірді. Резидент дәрігерлер бірнеше күн бойы митингтерге шығып жүр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу